ШҚО денсаулық сақтау басқармасының "Глубокое ауданының аудандық ауруханасы" ШЖҚ КМК
0
"Қарызсыз қоғам" жобасы: Глубокое аудандық ауруханасының мамандары каржылық сауат курстарынан өтті

Халықтың қаржылық сауатын арттыруға бағытталған «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында Глубокое аудандық ауруханасының мамандары қаржылық сауат курстарынан өтті.
Былтыр бұл пилоттық жоба еді. Алайда жоба өз тиімділігін көрсетіп, жалпыхалықтық бағдарламаға айналды.
«Қарызсыз қоғам» − халықтың қаржылық сауатын арттыруға бағытталған «AMANAT» партиясы мен Halyk Bank-тің бірлескен бастамасы. Аталған жобада несие бойынша берешегі бар және борышкерлер тізімінде тұрған ауыл тұрғындары, қарызы бар және оның мерзімін өткізіп алған азаматтар, мемлекеттен жеңілдікпен несие алуға үміткер кәсіпкерлер оқудан өте алады.
Бағдарлама аясында курстан өтіп, білім алған қызметкерлерге арнайы сертификаттар табысталды.