ШҚО денсаулық сақтау басқармасының "Глубокое ауданының аудандық ауруханасы" ШЖҚ КМК
0
Қызылша мен А гепатитінің өсуіне байланысты жиын өтті

Қазір өңірде вакцинамен басқарылатын инфекциялардың, яғни, қызылша мен А гепатитінің өсуі байқалады. Бұл халықтың, әсіресе балалардың денсаулығына өте қауірті.
Деректі ақпараттарға сәйкес, 2023 жылы ауданда қызылшаның 6 жағдайы тіркелді, 2024 жылы олардың саны 8-ге дейін өсті. А гепатитінің де жағдайларының қарқынды көбеюі де байқалады.
Осы қауіпті аурулардың таралуын болдырмау үшін шұғыл шаралар қабылдау қажет. Осыған орай әкімдіктің төрағалығымен ауданда қызылшаға қарсы қосымша жаппай егу және жоспарлы жылдық егу жоспарлары талқыланды.
Вакцинация бұл инфекциялардың алдын алудың тиімді әдісі және қоғамда топтық иммунитетті қалыптастыруға ықпал етеді.
ҚР Профилактикалық егулерінің Ұлттық күнтізбесіне сәйкес, балалар қызылшаға қарсы екпелерді 1 жаста және 6 жаста, ал А гепатитіне қарсы екпелерді 2 жаста алуы тиіс. Дегенмен, жасына немесе басқа себептерге байланысты вакцинацияланбағандар үшін алынбаған екпенің орнын толтыруға мүмкіндік беріледі.