ШҚО денсаулық сақтау басқармасының "Глубокое ауданының аудандық ауруханасы" ШЖҚ КМК
0
Тұңғыш Президент Күні

Құрметті, Глубокое ауданының тұрғындары!

        Сіздерді шын жүректен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнімен құттықтаймын! Тұңғыш Президент Күні- жалпыхалықтық мереке, Елбасымыздың ерен еңбегін құрметпен атап өтетін күн. Қазақстанның дамуы мен гүлденуі- бұл Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың зор еңбегінің арқасы.

       Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 26 жылы аралығында денсаулық сақтау жүйесі елеулі түрде өзгерді. Отандық денсаулық сақтау саласы жаһандық стандарттарға жетті: жаңадан заманауи медициналық орталықтар, ауруханалар мен емханалар  тұрғызылды, барлық аймақтарда зерттеулер мен жоғарытехнологиялық оталардың көптеген түрлері жүргізіледі.

       Глубокое ауданында соңғы 5 жыл ішінде 6 типтік жаңа денсаулық сақтау нысандары тұрғызылды- 2014 жылдың тамыз айында Глубокое ауданында 100 төсек орны мен тәулігіне 300 келуге  арналған 1 типтік аудандық аурухана тұрғызылды. 2013 жылдың қазан айында 20 келуге арналған Черемшанка және Белоусовка ауылдарында 2 типтік дәрігерлік амбулатория іске қосылды, 2014 жылдың қараша айында Ушаново, Опытное-Поле, Алтайский ауылдарында тағы 3 дәрігерлік амбулаториялар іске қосылды.

      Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Дипломмен- ауылға»  Мемлекеттік Бағдарламасы ауылды елді-мекендерге жас мамандарды көптеп тартуға мүмкіндік берді. Бұл бағдарламаға сәйкес мамандарға көтерме ақы мен баспана алу үшін 0,01 пайыздық несие беріледі. Глубокое ауданында 2011 жылдан бері денсаулық сақтау саласының 80-нен астам мамандары көтерме ақы және баспанамен қамтылған.

Қадірлі жерлестер!

         Бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтап, баршаңыздың отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, Отанымыз-Қазақстан Республикасының дамуы үшін қосатын бастамаларыңызға сәттілік тілеймін! Елбасымызға және баршамызға елімізде  тыныштық орнап,  мемлекетіміздің жұлдызы  әрдайым жарық әрі биік болсын деп тілеймін!